ҚР әділет министрінің жаңа орынбасарлары тағайындалды

Министрліктің хабарламасына сәйкес, 1960-жылы туған , ұлты украиндық Сергей Магда вице-министр болып тағайындалғанға дейін ҚР президентінің күзет қызметінің оперативтік және талдау департаментінің бастығы болып істеген.

1961-жылы Алматыда туған Серік Нұғмановтың мамандығы - заңгер. Сот жүйесі мен салық полициясында жұмыс істеген. Әділет вице-министрі болып тағайындалғанға дейін "Асар" республикалық партиясы төрағасының бірінші орынбасары болды.