ҚР әділет министрлігі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сайлау қарасыңындағы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу және парламент мәжілісінің депутаттары сайлауын ақпаратпен қамтамасыз ету ережелерін тіркеді

Ережелер 19-тамыздан бастап Қазақстан аумағында жаппай міндетті түрде орындалуы тиіс.

ҚР Орталық сайлау комиссиясынан бұл құжатты мемлекеттік мекемелер, бұқаралық ақпарат құралдары мен саяси партиялар өкілдерінің қатысуымен ұзаққа созылған талдаудан кейін 13-тамызда қабылдаған болатын. Ережелер бұқаралық ақпарат құралдарының сайлау кезіндегі және сайлау қарсаңындағы іс-қызметін реттейді. Сондай-ақ, құжат масс-медиа мен депутаттықтан үміткерлер, бұқаралық ақпарат құралдары мен саяси партиялар арасындағы қарым-қатынасты реттейді.