ҚР әділет министрлігі елімізде 1991-жылдан бері қабылданған заңдарға тәуелді барлық нормативтік актілерді 13 айдың ішінде толық тексеріп шықпақшы

деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

"Бұл тексеру өткен жылдарда қабылданған заңдарға тәуелді нормативтік актілердің қолданыстағы заңнамаларға сәйкестігін тексеру және олардың кейбірінің күшін жою мақсатын көздейді",- деді О.Жұмабеков. Министрдің айтуынша, 1991 мен 2003-жылдар аралығында елімізде шамамен 40 мың нормативтік акт қабылданған. "Орташа есеппен бір жылда қабылданған нормативтік құжаттарды тексеруге біз шамамен 1 ай жұмсаймыз",- деді министр.
Оның айтуынша, министрлік 2003-жылы қабылданған заңдарға тәуелді нормативтік құжаттарды тексеруді қазір қолға алып жатыр. "Осындай жұмыстың нәтижесінде 1000-ға жуық акт, немесе өткен жылы қабылданған барлық нормативтік құжаттардың 15 проценті айналымнан шығарылды",- деді О.Жұмабеков.