ҚР Әділет министрлігі Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысын жетілдіруге бағытталған шаралар кешенін жүзеге асырады

Қазір Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстары мен Алматы қаласының әділет департаменттерінің заңды тұлғалардың жылжымайтын мүлікке иелік ету құқықтары мен халықтың құжаттарын беру мәселелері бойынша қызметіне тексерулер жүргізілуде, деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Сонымен бірге, аталған облыстардың Халыққа қызмет көрсету орталықтарының мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен регламенттерін сақтау мәселесі бойынша тексерулер жүргізілуде. Кешікпей осындай тексерулер жаппай жүргізіледі.