Б.Әлиғожиннің айтуынша, қазіргі қолданыстағы заңдар Қазақстан Республикасында авторлық құқықтарды тиісті деңгейде қорғауды қамтамасыз ете алмайды. Мәселен, қарақшылық жолмен бейнеөнімдер өндіруші мен оны сатушы 200 проценттік пайда табады, шығын тек кассеталар сатып алуға ғана жұмсалады. Ал "қарақшылық өнім" шығарғаны үшін жүктелетін жазаның ең жоғарғы шегі үш айлық есптік көрсеткішке тең, немесе, 3 мың теңге мөлшерінен аспайтын айыппұлмен шектеледі. Демек, Б.Әлиғожиннің тұжырымына сүйенсек, "қарақшылық өнім өндіруші" бұл ісін одан әрі жалғастыруға ынталы күйінде қала береді.
Жаңа заң жобасында авторлық құқықты бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілікті қолданысқа енгізіп, айыппұлдың ең жоғары мөлшерін 500 мың айлық есепті көрсеткішке дейін арттыру көзделген. Сондай-ақ, заң жобасында авторлық құқық иелеріне моральдық шығынның орнын толықтыру жөнінде сотқа шағым түсіру құқығы берілген. Комитет төрағасының пікірінше, "заңда межеленген жауапкершілік шаралары жеткілікті болмақ. 500 мың айлық есепті көрсеткішке дейін айыппұл төлеген адам бұдан кейін заңсыз әрекетті жалғастырған жөн бе, жоқ па деген төңіректе ойланатын болады".