Оның айтуынша, дарынды, бастамашыл әрі ұдайы алға ұмтылғыш адамдар үшін "Асар" партиясының есігі әрдайым ашық. В.Рерихтың айтуынша, "Асар" партиясының үгіт-насихат жұмыстарының басты бір принципі ұжымдық талқылау болып табылады. Үгіт жұмыстарын партия сапалық жоғары деңгейде жүргізбек ниетте. Бұл мақсатқа бұқаралық ақпарат құралдары белсенді жұмылдырылуы тиіс. В.Рерих осы орайда партия кеңестік кезеңнің мұрасы іспетті қатып қалған көзқарастардан қашқақтап, митинг немесе шеру секілді үгіт құралдарын қолданбауға тырысатынын атап көрсетті.