ҚР әлеуметтік-экономикалық мәселелердің негізінде өндіріс пен ресурстарды тұтыну көлемінің теңсіздігі жатыр

"Сараптама бойынша, Қазақстанда 15 жылда әлеуметтік және экономикалық мәселелерде тарихи тұрақсыздық қалыптасқан. Яғни, елде шығарылатын және тұтынылатын ресурстар көлемі жағынан теңсіөздік қалыптасқан ", - деді Н. Ысқақов.

ҚР қоршаған ортаны қорғау министрлігінің есеп-қисабы бойынша, ЖІӨ бір теңгеге өндірілсе, ресурстар көздері 3 теңгеге тұтынылады. "Ал бәсекелес мемлекеттерде мұндай тұрақсыздықтың алдын алу үшін бар күшін жұмылдыруда ", деп толықтырды Н. Ысқақов.

Н. Ысқақовтың пікірінше, қоршаған ортаны қорғау министрлігі 2024 жылы тұрақты дамуға қол жеткізу үшін, қуат көздері мен орны толтырылатын ресурстарды тиімді пайдалану үшін, арнайы стратегиялық жоба дайындады. "Бұл жоба барлық министрліктер мен ведомстволармен келісіліп, жақын уақытта үкіметке ұсынылады", деді ол.

Сондай-ақ, Қазақстанның тұрақты даму концепциясын жүзеге асыру мақсатында "Балама қуат көздерін қолдау туралы" заң жобасы дайындалды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті