"Біз Қазақстанда ең көп сұранысқа ие 30 интернет-ресурстан пул құруды ұсынамыз. Өйткені, интернет тұтынушыларының статистикасы олардың елімізде ең танымал бес-алтты сайтты ғана жиі қолданатынын көрсетіп отыр", - деді Қ. Есекеев.
"Қазақстандағы бұдан өзге сайттар қызығушылық тудырмайды", - деді ол.
"Біз осындай 30 интернет - ресурсты қалыптастыру үшін тиісті зерттеулер жүргізіп, Қазақстандағы тұтынушылар үшін ең қызғылықты интернет-ресурстарды анықтамақшымыз", -деді агенттік төрағасы. Оның айтуынша, осындай 30 интернет-ресурстың 10-ы мемлекеттік, 20 - ы жеке меншік болмақ.
"Біз осындай сайттарды халық арасында ілгерілетуге тұрақты жұмыс істейтін боламыз", - деді Қ. Есекеев. Оның пікірінше, Қазақстандағы интернет-ресурстардың басым бөлігіне қатысты осындай жұмыстар жүргізу қазір "мәнсіз". "Егер ағымдағы статистикаға жүгінетін болсақ, Қазақстанда қазір күніне кем дегенде 1000 адам бас сұғатын 50 сайт қана бар. Ал біздің мақсат - осы 30 сайтты әрбір Қазақстандық тұтынушы үшін сұранысқа ие болдыру", - деді ол.