"Ұлттық іздеу желісін дамыту жайы "Электронды үкімет" бағдарламасының аясында қарастырылған. Біз бұл жүйеге қатысты жұмыстарды биыл бастаймыз", -деді Қ. Есекеев.
"Сол себепті мен келесі жылы біз ұлттық іздеу жүйесін ұсынатын боламыз деп ойлаймын. Оның көмегімен халық ақпаратты ұдайы іздей алады", - деді ол.
Ұлттық іздеу жүйесі тез арада дамытуды талап ететін портал. "Оған себеп, кез-келген тұтынушы үшін интернет желісі "Рамблер", "Майл.ру", "Яндекс" немесе Google секілді желілермен таныс", -деді ол.
"Осынау іздеу желілері шетелдерде жасалған, сол себепті өзіміздің ішкі слоганымыз бар ұлттық іздеу жүйесін бөлу көзделіп отыр", - деді ол.