ҚР ақпараттандыру және байланыс жөніндегі Агенттігінің жаңа төрағасы тағайындалды

Ә.Бектасов 1958 жылы РФ Свердловск облысында туған. Новосібір мемлекеттік университетін бітірген, экономист-математик.

1996 жылдан - ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары, 1997 жылдың қазан айынан - ҚР бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы, 1999 жылдан мемлекеттік кіріс вице-министрі, 2000 жылдың тамыз айынан бері "Қазақтелеком" АҚ президенті болып қызмет атқарды.