ҚР АШМ биыл астық түсімі таза салмақта 15,1 млн тонна болады деп болжауда

Құжатқа сәйкес, биыл астық түсімінің таза салмағы 15,1 млн тонна, соның ішінде бидай 12,5 млн тоннаны құрайды.

Былтыр өндірілген астықтың таза салмағы 20,1 млн тоннаны, соның ішінде бидай - 16,5 млн тоннаны құрады.

Осы орайда астықтың орташа шығымдылығы былтыр бір гектардан 13,3 центнерді құраса, биылғы орташа шығымдылық 9,7 центнер болмақ.