ҚР әскерилерін әлеуметтік қорғауды күшейтетін заң қабылданды

"Заң бойынша әскерилер мен олардың отбасын әлеуметтік қорғауға жұмсалатын қаржы көлемі шамамен 345 млн. теңгеге ұлғайтылды",- деп хабарлады мәжіліс депутаты Владислав Косарев. Оның айтуынша, әскери борышын шұғыл өтеуге шақырылған әскери қызметкерлер мен курсанттардың демалысқа шыққандағы азық-түлік қоржынының ақшалай өтемі мен қоныс аударатын әскерилердің жолға жұмсайтын қаржысының көлемі арттырылды.

Регламентке сәйкес заң қабылданды деп танылып, мемлекет басшысының қол қоюына жіберілді.