ҚР Әуе қорғанысы күштерінің әскери бөлімшелері командирлерінің бірі сотталды

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Талдықорған гарнизонының әскери соты ҚР Әуе қорғанысы күштерінің әскери бөлімшелері командирлерінің бірін ҚР ҚК 176-шы (сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иелену немесе талан-таражға салу) және 314-ші (қызметтік жалғандық) баптарында қарастырылған қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танып, мүлкін тәркілеумен, 3 жыл мерзімге әкімшілік және шаруашылық іс-қимылмен байланысты мемлекеттік қызметке лауазымға тұру құқынан айырумен 3 жылға бас бостандығынан айырды.

Бөлімше командиріне қатысты қылмыстық іс ҚР ҰҚК әскери қарсы барлау органдарының оның 1,5 млн. теңгеден астам сеніп тапсырылған материалдық қаражатты талан-таражға салу дерегі бойынша материалдары негізінде қозғалған болатын.