ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі елдегі астық түсімін орташа көрсеткіштер деңгейінде болады деп отыр

"ҚазАгроИнновация" алдағы астық түсіміне болжам жасау бойынша өз институттарымен әлі де жұмыс жасап жатыр. Оның үстіне, алдағы маусымға арналған ауа-райы туралы "Қазгидромет" мәліметтері әлі алынған жоқ", - деді А. Буць.

"Алайда, жалпы алғанда, астық түсімі соңғы бес жылдағы орташа көрсеткіштер деңгейінде болады деп болжап отырмыз", - деп толықтырды ол.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, 2007 жылы Қазақстанда астық түсімінің таза салмағы 20,1 млн тоннаны құраған болатын.