ҚР Ауылшаруашылығы министрі қант бағасының өзгеру мүмкіндігін жоққа шығармайды және осыған байланысты қорғаныс шараларын қолдануды ұсынады

"Жыл басынан бері қанттың бағасы бір килограммы үшін 100 теңге деңгейінде сақталып отыр. Ресей ішкі рынокты импорттан қорғауға бағытталған қатаң шара қабылдағандықтан, бұл бағалық ахуал өзгеріп, ахуалды тұрақсыздандыруы мүмкін", - деді А. Есімов.

"Соған сәйкес, біз де тиісті қаулыны қабылдауымыз қажет, ол туралы өзіңіз білесіз", -деді ол.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, индустрия және сауда министрлігі ақ қанттың импортына квота енгізу жөніндегі қаулының жобасына қол қойды. Жоба үкіметте қаралып жатыр.

Бұл жобада шетелдерден ақ қант әкелу жөніндегі қазіргі бар келісім-шарттарына байланысты белгілі бір квота белгілеу қарастырылған.

Квота белгілі бір қысқа мерзімге енгізіледі. Жобада шектеу 1 қазанға дейін созылады деп қатастырылған. Қаулы ресми түрде жарияланғаннан 10 күннен кейін күшіне енеді.

Ауылшаруашылығы министрлігі Қазақстанның қант шығарушы компанияларымен меморандумға қол қойып, онда нарықтағы ахуалды тұрақтандыруға бірқатар шараларды қарастырған.

Атап айтсақ, қант өндірушілер "ішкі нарықты отандық өндірістің есебінен өніммен қамтамасыз етуге кепілдік беріп, ауылшаруашылығының тауар өндірушілеріне қант қызылшасын егу мен жинауға қолдау көрсетуге міндеттеме жүктейді". Бұған қоса, меморандум бойынша, компаниялар уәкілетті органның сұрауына сай ақ қант өндірудің өзіндік құнына қатысты барлық калькуляциялық есепті беруге міндеттеме алды.

Меморандумның бір бөлімі елдің ішкі нарығында ақ қанттың бағасын тұрақтандыруға арналады.