"Әдетте, шілденің аяғында жаңбыр болады, біздің болжамымыз бойынша жаңбыр жаууға тиіс және егер болжам расталса, орташа түсім 16-17 млн тонна болады деп күтіп отырмыз", - деді А. Күрішбаев.
"Тұтастай алғанда, егер астық түсіміне қарайтын болсақ, 6%, яғни, 900 мың гектар алқаптың жағдайы нашар, 94% егін жақсы және қанағаттанарлық жағдайда ", - деді ол.