"Өсімдік өсіруде жанар-жағармай , минералды тыңайтқыштар, өсімдіктерді дәрілеу мен гербицидтерге 2007 жылы бөлінген 12 млрд тенге көлемі сақталып, дифференциациялау жасалады. Өсімдік түрлерін өсіруі, олардың тиімділігі мен ішкі нарықтағы сұранысына қарай қаржыландыруы есептелініп, ұлғайтылатын болады ", - деді Б. Оспанов.
Оның сөздеріне қарағанда, осыған орай, алдағы жылы қант қызылшасының 1 га себу субсидиясы 2 мың теңгеден (биылғы жылдың ақшасы) 11 мың теңгеге көбейтіледі. "Мұндай қадам өндірістерді шикі зат ақ қантпен қатмамасыз ету мәселесін шешу үшін жасалуда", - деп түсіндірді ол.
"Майлы дақылдар мен күнбағыс майын қаржыландыру көлемі 2007 жылғы деңгейде қалдырылады (1 гектарға 1200 теңге)", - деді директор. Оның айтуынша, бұл "отандық шикізаттан шығарылатын май өнімін ұлғайту қажеттілігінен жасалуда".
Оның ақпараты бойынша,"жүгері бидай өндірісіне жұмсалған жоғары шығын деңгейі мен оның төмен табысын есептегенде, мемлекет тарапынан оның 1га 1580 теңге қолдау ретінде бөліп отыр". Сондай-ақ, көкөніс -бақша өнімдері, картоп аса қажетті өнімдер тізіміне кіргізілген.
Сонымен қатар, министрлік өкілінің атап өткеніндей, қаржы мөлшері жалпы ұлғайтылмағанымен, 2007 жылмен салыстырғанда егіс алқаптары мен өнімдер тізімі кеңейтіліп, алдағы жылы кейбір түрлері бойынша субсидиялар көлемі азайтылады. Б. Оспановатың сөздері бойынша, көкөніс дақылдарының қаржыландырылуы ( 1 га 9000 - 8000 теңгеге ), дәнді дақылдар (1 га 660 - 556 теңгеге), жемшөп дақылы( 1га 1050 ден 768 теңгеге), күріш (1га 6740 тан 6253 теңгеге дейін), сондай-ақ, жеміс-жидек (1га 4000 -3000 теңгеге), жүзім (1 га 4500- 3500 теңгеге) өзгерді. "Мақтаға бөлінген қаржы 2007 жылғы деңгейде қалдырылды, 1 га- 5000 теңге мөлшерінде", - деді Б. Оспанов.
Ауылшаруашылығы министрі Ахметжан Есімовтың атап өткеніндей, "субсидиялар арқылы ауыл шаруашылық өнім шығарушыларына, ішкі және сыртқы нарықтағы өнімдер сұранысы туралы мәлімет беріледі. Соған қарап, олар өздерінің істерін дөңгелете алады. "Осыған орай, менің пікірімше, берілген нормаларды біз оңтайлы қолдандық"- деді ол.
"Қант қызылшасына қосымша қаржы бөлініп жатқандығын және соған орай, жер алқаптарының да ұлғайтылатыны жөніндегі ақпаратты тауар өндірушілерге жеткізу керек. Яғни, мемлекет оларға қант қызылшасымен айналысыңдар деп кеңес беріп отыр" - деді министр.
Министрлік басшысының атап өткеніндей,"картоп және көкөніс бізде 100% қамтамасыз етілсе де, ол қажетті өнімдер тізіміне кіргізілген. Өйткені, оның өндірісі сапасы мен тиімділігі төмен қосалқы шаруашылықтардан бұрын, арнаулы шаруашылықтарды құрып, өсірілуі көзделген", - деді ол.
"Күрішке бөлінетін субсидияларды біз біртіндеп төмендетеміз, оны күрт кесіп тастауға болмайды. Егер ертең күріш болмай қалса, Қызылорда облысын тұзды шөлейт жерлер жайлап алады", -деді А. Есімов.
"Май дақылдары, олардың әлемдегі бағасы қымбат, біз оларды қолдап келдік, колдаймыз да, рапс және оның майына сұраныс жоғары. Егер біз Қазақстанда биоотын өндіретін болсақ, онда рапс оған лайықты шикізат болады", - деп ойын қорытындылады министр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті