ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі міндетті сақтандыру келісім шартын жасамаған ауылшаруашылығы өнімін өндірушілерге салынатын айыппұл көлемін өсіруді жоспарлауда

"Қазіргі уақытта шаруашылықтарға салынатын ең көп айыппұлдың көлемі 109 мың теңгені құрайды, ал келісім-шарт жасамаған заңды тұлғаларға салынатын "Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы" заңмен бекітілген айыппұлдың көлемі 436 мың теңге",- деді Б. Оспанов.

Оның пайымдауынша, 880 гектарға және одан көп алаңға егін еккен шаруашылықтар үшін, сондай-ақ егін алқабы 3,5 мың гектардан асып жығылатын заңды тұлғалар үшін де сақтандыру сыйақысын емес, айыппұл төлеу тиімді.

"Осыған байланысты, айыппұл көлемінің әділетті болуына қол жеткізу үшін салынатын айыппұлдың көлемін сақтандыру төлемінің көлемі мен егін алқабының көлеміне тәуелді етіп қою керек",- деп санайды Б. Оспанов.

Оны Қазақстан Республикасының ауылшаруашылық министрі Ахметжан Есімов те қолдады. "Қазір сақтандыру сыйақысын төлегеннен, айыппұл төлеу оңай, сондықтан да сақтандыру сыйақысы мен айыппұл көлемі шамалас болады, олай болмаған жағдайда шаруашылықтардың өз егіндерін сақтандыруына қол жеткізу қиынға соғады",- деп санайды ауылшаруашылық министрі.

Ауылшаруашылық министрінің мәліметтеріне сүйенсек, 2006 жылы сақтандыру келісім шартын жасамаған ауылшаруашылық өнімдерін өндіретін 22 мың кәсіпорынның небәрі 1012-сі ғана жазаға тартылып, 83 млн теңге көлемінде айыппұл салынған. Үстіміздегі жылдың қаңтар - қазан айларында келісім шарт жасамаған субъектілердің саны 13 мыңнан асып жығылады. Осы кезең ішінде 7495 нұсқау шығарылып, жалпы сомасы 77 млн теңгені құрайтын 1037 айыппұл санкциясы шығарылған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті