"Құстардың жаппай қырылу оқиғалары шыққан 7 ауданда да H5N1 вирусы анықталды. Қазір мейлінше қырағылық таныту абзал",- деді А.Қожамұратов.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, құс тұмауының аталған вирусы Павлодар облысының Голубовка ауылында ғана дәлелденген болатын.
Сонымен бірге А.Қожамұратов ҚР ауылшаруашылығы министрлігі құс тұмауының вирусына қарсы вакцина сату туралы ұсыныстарды қарап жатыр деп мәлімдеді.
"Ресей құс тұмауының вирусына қарсы вакцинаны 2006-жылдың екінші жартысында шығаратынын мәлімдеп отыр. Қазіргі жағдаймен ҚР ауылшаруашылығы министрлігіне Қытай мен Кореядан вакцина сатып алу туралы ұсыныстар келіп түсті. Бұл ұсыныстадың барлығы да қаралады",- деді А.Қожамұратов.