Осындай норма комитеттің "жаңа жыл қарсаңында қылқан жапырақты жас ағаштарды қорғауды күшейту туралы" бұйрығында жазылған. Бұл бұйрықта атап көрсетілгеніндей, биыл мемлекеттік орман қоры аумағында жаңа жылдық шыршалар тек облыстық әкімшіліктердің өтініші бойынша бұқаралық мәдени шараларды өткізу үшін санитарлық себептермен кесілген ағаштардан ғана дайындалуға тиіс, жаңа жыл мерекесіне орай ағаштар әдейі кесілмейді. Жаңа жылдық шыршаларды дайындауға санитарлық мақсатта жоспарлы түрде ағаш кесу нәтижесінде алынған қарағайлар мен шыршалар пайдаланылады",- деді басқарма.
Облыс әкімдері сұрайтын жаңа жылдық табиғи шыршалардың саны жыл өткен сайын азая түсуде.