Қазақстан дипломаттарының сөзіне қарағанда, азаматшаның Сирияда екі қызы қалған. Людмиланың айтуынша, олар өз еркімен қалғанымен, болашақта оларды Қазақстанға алып кетуге мүдделі. Отандық дипломаттардың болжамынша, қыздардың көшуіне күйеуі Таммо Джабер Хусейн бөгет болып отырған көрінеді. Күйеуінің өзі болса көптен бері Алматыда тұрады. Сириядағы жағдайдың ушығуына қарамастан, белгісіз себептерге байланысты ол отбасының кетуіне қарсы болған. Кетуге жәрдем де жасамаған. Керісінше қорқытып, қалуларын талап еткен. Сондықтан Людмила Сириядан кетуге өзі әрекет жасап, қазақстандық дипломаттардың көмегіне жүгінген.