"ҚР балама қуат көздерін қолдау жөнінде" заң қабылдау керек- "Нұр Отан" ХДП

Шараны өткізудің негізгі мақсаты 2008 жылдың 8 ақпанында Қазақстан Республикасының президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауындағы "Мемлекет саясатының басты мақсаты- Қазақстан азаматтарының хал ахуалын көтеру" тапсырмаларын жүзеге асыру және "Нұр Отан" ХДП қуат саласы мен шикізаттық емес өндірісін дамыту жөнінде сайлау алдында қабылданған жоспарларды орындау болды.

"Дөңгелек үстелге қатысушылары халықаралық тәжірибесі ескеріліп қуат көздерін үнемдеу бойынша қордаланған мәселелер қарастырылған қарар қабылдады. Онда Қазақстан Республикасы үкіметіне "ҚР балама қуат көздерін қолдау жөнінде" заң жобасын дайындап, қуат көздерін үнемдеу саласын дамыту мақсатында құқықтық нормативтік актілерді күшейту ұсынылған", - деп атап өтілген партияның баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сонымен қатар, "Нұр Отан" ХДП франкциясының аймақтық деңгейінде мәслихаттарда жергілікті билік атқару органдарының қуат көздерін тиімді пайдалану және оны үнемдеу жөнінде есептері тыңдалады.

"Партияның орталық аппаратына қуат көздерін үнемдеу саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың қоғамдық мониторинг жұмысын үйлестіру тапсырылды", - деп айтылған хабарламада.

"Дөңгелек үстелдің" жұмысына "Нұр Отан" ХДП төрағасының орынбасары С. Громов, "Нұр Отан" ХДП Орталық аппаратының хатшысы М. Ерман, Қоршаған ортаны қорғау министрі Н. Ысқақов, Энергетика және минералды ресурстар вице-министрі Д. Тұрғанов, Индустрия және сауда вице-министр Е. Мамытбеков, Табиғи монополияларды реттеу Агенттігінің басшылары, "КEGOC" ҰК, "Қазақстан Темір Жолы", "Самғау", Қазақстан Республикасының парламент депутаттары, кәсіподақ Федерациясы, Қазақстанның энергетика- инженерлерінің одағы, Қазақстанның экспортерлері мен тауар өндірушілері одағы, үкіметтік емес ұйымдар қатысты.