ҚР Бас прокуратурасы бірқатар ұйымдарды лаңкестік ұйым деп тану туралы сотқа шағым түсірді

Баспасөз қызметінің хабарламасында атап көрсетілгеніндей, бұл ұйымдар Ресей, АҚШ, Түркия, Өзбекстан, Пәкістан және басқа да елдерде лаңкестік ұйымдар деп танылған. Олардың кейбірін БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі лаңкестік ұйым деп танып, санкциялар қолдану үшін арнаулы тізімге енгізген. Сонымен бірге аталған ұйымдардың кейбірі Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше-елдердің аумағында іс-қызметіне тыйым салынған лаңкестік, сепаратистік және экстремистік ұйымдардың тізімінде.