ҚР Бас прокуратурасы телефонмен сөйлесу мәтіндерін БАҚ-тарда жариялауға байланысты ресми мәлімдеме жариялады

Мәлімдемеде атап көрсетілгеніндей, осы факт бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті қылмыстық іс қозғап, тергелуде, өйткені аталған ақпаратты тарату іс-әрекеті Қазақстан Республикасы Конституциясының, Қазақстан Республикасының "Жедел-іздестіру қызметі туралы" және "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Заңдарының талаптарына қайшы болып келеді.

"Қазақстан Республикасы Конституциясының 18-бабына сәйкес әркiмнiң жазысқан хаттарының, телефон арқылы сөйлескен сөздерiнiң, почта, телеграф арқылы және басқа жолдармен алысқан хабарларының құпиялылығының сақталуына құқығы бар. Бұл құқықты шектеуге заңда тiкелей белгiленген реттер мен тәртiп бойынша ғана жол берiледi", -делінегн ресми мәлімдемеде.

Қазақстан Республикасының "Жедел-іздестіру қызметі туралы" Заңының 11 және 12-баптарына сәйкес телефондар және басқа да сөйлесу құрылғылары арқылы жүргізілетін сөйлесуді тыңдау және жазып алу арнайы жедел-іздестіру іс-шараларына жатқызылады және оны прокурордың санкциясымен ғана тиісті құқық қорғау органдары жүзеге асырады.

Прокуратураның ескерткеніндей, Қазақстан Республикасы "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Заңының 2-бабының 3-тармағына сәйкес заңмен қорғалатын құпияға жататын мәліметтерді жария етуге тыйым салынған. Оларға азаматтардың жеке өміріне, адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне қатысты деректер жатады. Одан басқа, аталған заңның 21-бабына сәйкес журналист заңмен тыйым салынбаған кез-келген тәсіл арқылы ақпарат алу және оны тарату құқығын іске асырған кезде жеке және заңды тұлғалардың заңды құқықтары мен мүдделерін құрметтеуге, шынайлыққа сәйкес келмейтін ақпаратты таратпауға міндетті.

Көрсетілген талаптарды сақтамағаны үшін бұқаралық ақпарат құралдарының меншік иесі, таратушы, бас редакторы, жарияланған хабарлар мен материалдардың авторлары жауапты болады. Одан басқа, қққыққа қарсы ақпаратты таратуға қатысқаны үшін лауазымды адамдар да жауапқа тартылуы мүмкін.

"Жоғарыда айтылғанды ескеріп, Бас прокуратура адамның жеке өмірі туралы оның жеке немесе отбасы құпиясын құрайтын мәліметтерді оның келісімінсіз заңсыз таратқаны үшін, егер осы әрекеттер жәбірленушінің құқықтары мен заңды мүдделеріне зиян келтірсе, соның ішінде телефонмен сөйлесу құпиясын заңсыз бұзғаны үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 142 және 143-баптары бойынша жауапкершілікке тартуға жататынын түсіндіреді", деп атап көрсетілген қадағалаушы органның мәлімдемесінде.

"Бас прокуратура бұқаралық ақпарат қ�ралдарының меншік иелеріне, олардың редакциялық ұжымдары мен журналистеріне заңды бұзушылыққа жол бермеуге және Қазақстан Республикасы азаматтарының заңмен қорғалатын құқықтарына, бостандықтары мен м�дделеріне зиян келтіру фактілерін болдырмау үшін барлық шараларды қабылдауды ұсынады",- делінген мәлімдеменің қорытындысында.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті