ҚР Бас прокуратурасы Ұлттық банк пен қаржы министрлігінің қатысуымен қаржылық мониторинг жүргізетін бөлімше құруды ұсынды

Аталмыш ұсынысты қараған Үйлестіру кеңесі оны ҚР президентінің жанындағы құқықтық саясат жөніндегі Кеңестің талдауына жолдады.

Кеңес отырысы жемқорлық қылмыстармен күрес жұмыстарының ахуалы тиісті талап деңгейіне көтерілген жоқ деген тұжырым жасады. Осыған байланысты құқық қорғау мекемелерінің алдына жедел тергеу шараларының сапасына ведомстволық бақылауды күшейту, негізсіз қылмыстық іс қозғау фактілеріне жол бермеу туралы қатаң талаптар қойылды.
Кеңеске қатысушылар сондай-ақ, әскер қатарындағы әлімжеттік секілді құқық бұзушылық әрекеттердің азаю ағымы байқалғанын атап көрсетті.
Бұл -әскери полиция мен әскери прокуратура тарапынан қолданылып отырған алдын-алу шараларының тиімділігін айғақтайды.
Отырысқа қатысушылар қазіргі іс-қызметі мекемелік актілермен реттеліп отырған әскери полиция туралы жеке заңның жобасын жасау қажеттігін қарастырды.