"Конституцияның "Конституциялық кеңеснің өкілеттігі" атты бөлімінде кеңестің өкілетіліктері нақты айқындалған, ал Ата заңның 72-ші бабында Конституциялық кеңесте қаралатын мәселелерге бастама көтететін субьектілердің тізімі нақты келтірілген", - деді А. Дауылбаев.
"Егер, Конституцияның 72-ші бабына сілтеме жасайтын болсақ, Кеңестің алдына қаралатын мәселелерді қою құқығына ие субьектілердің тізімі қатаң айқындалғандықтан Ата заң Кеңесті өз бастамасы бойынша ешбір шешім қабылдай алмайтын, пассивті органға кездейсоқ айналдырмаған болса керек. Бұл тізім Конституцияда түбегейлі көрсетілген және оған кеңейтілген түсініктеме беруге болмайды", -деп санайды ол.
"Конституциялық кеңес конституциялық орган болып табылады, парламент, президент, үкімет секілді органдар мен институттардың өкілеттілігі Конституция шеңберінде өте айқын белгіленген. Егер Конституция оларға қосымша өкілеттілік беруге мұрсат беретін болса, оны ол тура атап көрсетеді, бұл институттарда заңда көрсетілген қосымша өкілеттіліктер берілуі мүмкін деп айтады", - деді бас прокурордың орынбасары. Алайда, оның айтуынша, Конституцияда айтылғандай, "заңда көрсетілген басқа да өкілеттіліктер берілуі мүмкіндігі" көрсетілген президентпен салыстырғанда Конституциялық кеңеске қатысты оның өкілеттіліктері аясының кеңейтілу мүмкіндігін Ата заң бермеген.
"Бұл заңнамадағы ақтаңдақ екенін мен түсінемін, ол заң нормаларымен емес Конституция нормаларымен жойылуға тиіс, атап айтсақ, "Конституциялық кеңес туралы" конституциялық заңмен түзетілуге тиіс",- деді ол.
Ал Конституциялық кеңес төрағасы Игорь Рогов өз кезегінде ҚР бас прокурорының орынбасарының пікірімен келіскен жоқ. ""Конституциялық кеңес туралы" конституциялық заңға сәйкес, шешімдері мен қаулыларын кеңестің өзі егер шешімге негіз болған немесе шешім қабылданған кезде Кееңске беймәлім болған елеулі жайттар жаңаша шағымдануға түрткі болатындай Конституция нормасы өзгергенін Кеңес айқындаған жағдайда өз шешімдері мен қаулыларыфн кеңес өз бастамасымен қайта қарай алады", - деді ол.
"Елімізде өз шешімін өзерте алуға құқығы жоқ бірде-бір мемлекеттік орган жоқ, президент те, парламент те жаңа заң қабылдай алады, Жоғарғы сот та өз шешімін өзгерте алады", - деді ол.
"Қаралып отырған мәселе жеткілікті деңгейде айқындалған, Конституциялық кеңес шешім шығару үшін кеңес бөлмесіне кетеді, түпкілікті шешім қабылданатын орын мен уақыты жайлы біз қосымша хабарлайтын боламыз, - деді И.Рогов.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі" заңның қабылдануына байланысты елімізде қолданыстағы заңдар, үкімет қаулылары мен басқа да құқықтық нормативтік актілерді жаңартылған Конституцияға сәйкестендіру мақсатымен Конституциялық кеңестің бүгінгі отырысында кеңестің 16 нормативтік қаулысын қайта қарау, толық немесе жартылай алып тастау мәселесі талқыланды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті