Агенттіктің баспасөз-релизінде атап көрсетілгендей, мерейтойлық медальдармен Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы өңіраралық инспекция бөлімінің басшысы Мұрат Оразбаев; Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы өңіраралық инспекция бөлімінің басшысы Таймас Сағынтаев; Алматы облысы және Алматы қаласындағы өңіраралық инспекция бөлімінің басшысының орынбасары Санат Саптаев марапатталды.
Сонымен қатар, департамент директоры Динара Ашуменова; Ақмола, Қарағанды облыстарындағы және Астана қаласындағы өңіраралық инспекция бөлімінің басшысы Рүстем Ақжанов; басқарма бастықтары Оксана Басалаева мен Еркеғали Әлімқұлов марапатқа ие болды.
Сондай-ақ, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы өңіраралық инспекция бөлімінің басшысы Гүлмира Ділдәбекова мен Алматы облысы және Алматы қаласындағы өңіраралық инспекция бөлімінің басшысы Данияр Садықов марапатталды.