ҚР БҒМ «География - менің таңдауым» байқауын ұйымдастырмағанын хабарлайды

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі студенттер мен оқушылар арасындағы «География - менің таңдауым» байқауын ұйымдастырмағанын және ол жайлы хабарламаны «Зерттеуші» республикалық ғылыми білім беру орталығының сайтына жарияламағанын хабарлайды.

Сонымен бірге, «Зерттеуші» республикалық ғылыми білім беру орталығының Министрліктің қарамағындағы ведомство еместігін назарға алуды сұрайды.