"Қазақстан Республикасындағы білім туралы заңның өзіне жаңа нормалар енгізу қажеттігімен бірге бұл бағдарлама білім беру мекемелерін аттестациялау, аккредитациялау және лицензия беру тәртіптерін регламенттеуші нормативтік-құқықтық құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қарастырады",- деді Ж.Күлекеев.
Оның айтуынша, қазір ҚР білім және ғылым министрлігі төрт бірдей тиісті заң жобасын жасаумен шұғылдануда.
"Мүмкін, бұл құжаттардың барлығын бір заң жобасына біріктіретін шығармыз, бірақ, білім беру саласын дамыту жөніндегі бағдарламаны жүзеге асыруға негіз болатын білім беру туралы жаңа заңды қабылдау қажеттігіне бүгінде ешкім де қарсы дау айта алмайды",- деді ҚР білім және ғылым министрі.