"Отансүйгіштікке тәрбиелеу жөніндегі шаралардың 90 проценті мекемеаралық сипатта екенін ескеріп, министрлік отансүйгіштікке тәрбиелеу жөніндегі 2009-2011 жылдарға арналған біртұтас арнаулы жоспардың жобасын жасауды ұсынады", - деді К. Шәмшидинова.
"Салалық осындай бағдарлама аяқталуға жақын, ал бюджеттік өтінімдерді заңдастыру қиын болатындықтан осындай ұсыныс жасап отырмыз. Оның үстіне осындай бағдарламаларды жүзеге асыруға арналған шығындардың азая түскені байқалады", -деді ол.
"Отансүйгіштікке тәрбиелеу жүйесін жетілдіру үшін бұрынғыдай бір сарындылықтан арылып, оған ауыл жастары, қалаға көшіп келген жастар, шетелдерде оқып жатқан жастарды көптеп тарту қажет", - деді К.Шәмшидинова. Оның айтуынша, қазір бұл мекеме ҚР Ауылшаруашылығы министрлігіиен бірлесіп "Ауыл жастары" бағдарламасының жобасын жасауда.