"Әлемдік банкпен бірлесе отырып, "Технологияларды коммерциялау" жобасы басталды. Бұл жобаның арқасында ғылымның өндіріспен байланысы күшейіп, қазақстандық ғалымдардың еңбектері шетелдік деңгейге шығатын болады. Сонымен қатар, ғылыми бағдарламаларға бірыңғай әкімшілікті бекітетін, рейтинг бойынша жалақысына коэффициент қосу арқылы ғылыми қызметкердің мәртебесін көтеретін "Ғылым туралы" жаңа Заң әзірленеді. Жеке сектор ғылымды қаржыландыруға салықтық жеңілдіктер енгізу арқылы тартылатын болады", - деп хабарлады Ж. Түймебаев.