"Біз биотехнологиялар саласындағы ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қоюды жоспарлап отырмыз, ал сәуірдің екінші онкүндігінде Малайзиялық биотехнологтар елімізге келеді",- деді Ж.Түймебаев. Осыған байланысты оның айтуынша, биыл ҚР ұлттық биотехнологиялар орталығының директоры Малайзияда болып, "биотехнологиялық компаниялар мен ғылыми ұйымдардың ғылым мен инновацияларды әкімшілік басқару тәжірибесімен танысып қайтты".
Ж.Түймебаевтың айтуынша, "Қазақстан үшін Малайзияның ғылыми және технологиялық даму тәжірибесі қызығушылық тудырады". "Сол себепті де Қазақстан өзінің студенттерін Малайзияға жіберіп жатыр",- деді ол. Білім министрлігінің ақпаратына сәйкес, қазір Малайзияда "Болашақ" бағдарламасы бойынша қазақстандық 19 студент оқып жатыр, ал биыл малайзиялық жоғары оқу орындарына тағы да 81 стипендиат жолданады.
"Былтыр 1500-ден астам студент Малайзияға оқуға беруға ниет білдірді. Тіпті Еуропаның кейбір елдеріне баруға тілек білдіргендер саны бұдан аз",- деді Ж.Түймебаев. "Біз сонымен қатар Малайзияның ғылым мен техника саласында маман дайындау тәжірибесі мен ғалымдарды қолдау және ынталандыру тәжірибесіне қызығушылық танытып отырмыз",- деді ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті