ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Кембридж университеті ынтымақтастық туралы келісімге қол қояды

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Кембридж университетінің Орта Азиялық зерттеу форумының төрағасы Сидхарт Сасен мен аталмыш университеттің халықаралық даму факультетінің профессоры Шайладж Феннелдің Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрімен кездесуі барысында тараптар Қазақстанның бас қаласында құрылып жатқан Халықаралық университеттің басшылық құрамына Кембридж университетінің өз үміткерін ұсынуы жөнінде уағдаласты.

Баспасөз қызметінің хабарламасында сондай-ақ, тараптардың өкілдері Қазақстанның жаңа жоғарғы оқу орынында Кембридж университетінің бірнеше факультеттерін ашу мүмкіндігі талқыланғаны атап көрсетілген.

Сонымен қатар, кездесу барысында Кембридж университетінің Астанадағы "Жаңа халықаралық университеттің" ғылыми білім беру кешенін құруға Кембридж университетінің қатысуы, Кембридж университетінде Қазақ ұлттық мәдени орталығының ашылуы, Қазақстан Республикасында бірлескен халықаралық шолу жүргізу және ғылым мен технология дамуының сараптамасын жасау, сондай-ақ, "Болашақ" бағдарламасы бойынша Кембридж университетінде оқуға үміткерлерді іріктеуде бірлескен комиссия қалыптастыру жайындағы келісімдер жасалды.

Доктор С. Саксен Қазақстан Республикасының айтарлықтай табыстары мен оның білім беру мен ғылыми салаларындағы оң өзгерістері сегіз ғасырлық тарихы бар университеттің назарын аудартқанын аап көрсетті.

Тараптар Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен Кембридж университеті арасындағы тығыз ынтымақтастықтың перспективалық бағыттары бойынша барлық қол жеткізілген келісімдер бекітілетін тиісті келісімді жасау және қол қою жөнінде келісімге келді, деп көрсетілген баспасөз қызметінің хабарламасында.