ҚР білім және ғылым министрлігінің байқау комиссиясы мемлекеттік білім беру гранттары мен несиелерінің иегерлерін анықтады

Оның айтуынша, грант пен несие иегерлерінің арасынан 13097 адам (57,1%) қала мектептерінің түлегі болса, 9831 адам (42,9%) -ауыл мектептерін бітіргендер. Ауылға арналған квота бойынша 2960 адам грант, 2321 адам несиеге ие болды. "Алтын белгі" иегерлеріне 445 грант, ал халықаралық және республикалық олимпиадалар, ғылыми жарыстар мен орындаушылар арасындағы сайыс жеңімпаздарына 72 грант тағайындалды.

Г.Гамарниктің айтуынша, қазақ диаспорасы өкілдерінен 683 түлекке, соның ішінде квота бойынша 250 адамға грант берілді. Мемлекеттік 301 білім беру гранты жетімдерге, соның ішінде ҚР үкіметі бөлген квотаға сәйкес 200 балаға грант тағайындалды.
Министрлік мәліметі бойынша, Казақ-Британ техникалық университетіне грант бойынша оқуға 200 , Т.Жүргенов атындағы Казақ ұлттық өнер академиясына 300, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясына 150, Қазақ Ұлттық музыка академиясына - 150 адам іріктеп алынды.
Іріктеу қорытындысы айғақтап бергеніндей, грант иегерлерінің ерекше ықылас-таңдауына ие болған жоғары білім ошақтары арасынан Қ.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті (1073 адам), Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (920 адам), С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті (578), Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті (431 адам) алда келеді.
Мемлекеттік білім беру гранттары мен несиелері иегерлерінің тізімі "Казахстанская правда" және "Егемен Қазақстан" газеттерінде 2004-жылдың 13-14-тамызында жарияланады.