Бұл Г.Головкиннің кәсіби рингтегі 31-ші жеңісі, оның 28-ін боксшы нокаутпен аяқтады. Осыған байланысты Қазақстан Бокс федерациясының президенті Тимур Құлыбаев Геннадий Головкинді құттықтады.
«Сіз бұл сайыста шебер қимылдадыңыз, қарсыластың күштілігіне қарамастан оны 2-ші раундта жеңіп шықтыңыз. Тамаша нәтиже! Қазақстандағы және шетелдегі сансыз жанкүйеріңізді тағы бір қуанттыңыз. Сізге келешекте де Қазақстан боксының даму жолындағы белестерді бағындыра беруге тілектеспін», делінген Қазақстан Бокс федерациясының басшысы Т.Құлыбаевтың құттықтауында.