3 және 7 маусым аралығында Талдықорғанда («Жастар»СС) ауыр атлетика бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді. Жарысқа 200-ден астам қазақстандық спортшы қатысады. Үздіктері ҚР Олимпиадалық құрамасындағы орындарға таласады, деп хабарлады ауыр атлетика Федерациясынан.
Жарыс «Kazsport» және «Қазақстан» телеарналарында тікелей эфирде көрсетіледі.