Кездесуде денсаулық сақтау саласын дамыту және реформалау жөніндегі 2005-2010-жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны әзірлеу және оны жүзеге асыру шаралары, сондай-ақ, дәрігерлік қызмет сапасы туралы мәселелер сарапқа салынды, деп хабарлайды баспасөз қызметі. Медициналық білім беру жөніндегі жаңа тұжырымдамаға да баса назар аударылды. Мемлекет басшысы Астанада медициналық сипаттағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға қатысты бірқатар тапсырмалар берді.