ҚР денсаулық сақтау министрлігі ҚХР-да сатып алынған жолаушылар вагонын заң бұзушылықтар жойылғанға дейін пайдалануға тыйым салуды талап етеді

Мекеменің түсініктемесіне сәйкес, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдары тарапынан Қытайдан келген вагондарды тексерген кезде конструктивтік және көлемді жоспарлау өлшемдеріне қарай, ауаны тазарту жүйесіне, желдеткіш жүйесіне, жабдықтарына, сондай-ақ, құрамындағы улы заттардың мөлшері, шуыл және діріл көрсеткіштеріне қарай санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларды бұзуға қатысты көптеген жайттар анықталған.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қытайдан әкелінген жолаушылар таситын вагондарды одан әрі пайдалану оқиғаларына және елімізге осындай жолаушылар вагондарыының кезекті партиясын жеткізу жоспарына байланысты алаңдаушылық білдіреді.

Денсаулық сақтау министрлігі осындай ақпаратты ҚР Көлік және коммуникация министрлігіне жолдады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті