ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі тағайындалды


Біржан Бидайбекұлы Нұрымбетов ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі. 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы №22-ЖК бұйрығына сәйкес бұған дейін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі қызметін атқарған Дәулет Рашидұлы Арғындықов «Жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі ақпараттық-талдау орталығы» АҚ президенті болып тағайындалды.