ҚР ДСӘДМ мүгедектік бойынша баланы тіркеуге қою ретін түсіндірді

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінен хабарланды.

Министрлік өкілдері мүгедектік бойынша тізімге қою рәсімі мен заңнама аясындағы тиісті қызметтер мен төлемдер тұрғысында түсініктеме берді.

Мүгедектік ағзаның негізгі қызметінің  бұзылуы және тіршілік әрекетінің шектелуінің сарапталуы негізінде денсаулығының жағдайы және өмірлік іс- әрекетінің кешенді бағалануы тұрғысында, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі баланың 16 жасқа дейін мүгедек болып танылатын медициналық тексерулер арқылы анықталады. Яғни мүгедектікті  министрліктің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің  аймақтық бөлімшесінің медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдері медициналық ұйымдардың жолдауымен анықтайды.

Атап айтқанда, мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасыларға әлеуметтік қолдау аясында жәрдемақылар мен ақысыз негізде мемлекет есебінен арнайы әлеуметтік қызметтер (медициналық, тұрмыстық, педагогикалық, психологиялық, мәдени және басқа да) қамтылған.

Мүгедектікті анықтау кезінде «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» РМҚК  бөлімшесіне немесе тұрлғылықты жері бойынша ХҚКО-ға құжаттардың белгілі бір пакетінің қосымшасымен жәрдемақы тағайындау өтініші тапсырылады.


Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, кәмелетке толғанға дейін жәрдемақы мүмкіндігі шектеулі баланың ата-анасына немесе қамқоршысына төленеді. Кәмелетке толғаннан кейін баланың өтініші болған жағдайда жәрдемақы оның өзіне рәсімделеді.

Заңға сәйкес, мүгедектіктің топтары он алты жастан бастап анықталады.