ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрлігі 2005-жылғы негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша болжамын жариялады

ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрлігінің болжамына сүйенсек, 2005-жылғы республикалық бюджетті есептеуде инфляцияның жылдық орташа деңгейі 4,9-6,5% аралығында болады деп танылды. Теңгенің долларға шаққандағы жылдық орташа бағамы 131,7 теңге болмақ. 2005-жыл қорытындысы бойынша Жалпы Ішкі Өнім мөлшері 5 трлн. 850 млрд. теңге болып, биылғы жалпы ішкі өнімнің нақты мөлшерінен 7,9% артады. 2005-жылғы республикалық бюджетті есептеуде "брент" маркалы мұнайдың бір тоннасының әлемдік бағасы бір баррель үшін 32,9 доллар болады деп алынды. 2005-жылғы республикалық бюджет жобасында қазақстан мұнайының экспорттық бағасы бір баррельге 24,7 доллар мөлшерінде болады есептелді.