ҚР Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігі кәсіпкерлік субьектілеріне рұқсат беру процедурасын жеңілдете түспекші

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, кеше Алматы қаласының әкімшілігінде Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі және USAID (BEI) жобасымен біріге отырып, Қазақстанда кәсіпкерлік ортаны жақсарту мақсатындағы ынтымақтастық аясында, Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының лицензия беру жұмысында "бір терезе" принципін енгізудегі тәжірибесін үйренуге және нұсқалық регламентті жасауға бағытталған көшпелі мәслихат өтті.

Мәслихатқа қатысушылар лицензиялау саласындағы құқық қолдану тәжірибесінің мәселелері мен оларды шешу жолдарын талқылады. Қазіргі таңда Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігі кәсіпкерлік субъектілеріне рұқсат беру шараларын жеңілдету мен билік органдарында сыбайлас жемқорлықты туғызатын әкімшілік тосқауылдарды жою мақсатында Қазақстан Республикасында рұқсат беру жүйесін жақсарту концепциясын жасауда.

"Рұқсат беру жүйесінің жеңілдетілуі мемлекеттік органдар тарапынан нарыққа қатысушыларды бақылау механизмдерін алмастырумен сүйемелденбеуі керек. Бұл - өте маңызды. Кәсіпкерліктің өзін-өзі реттеу потенциалы барынша қолданылуы қажет", - деді Марат Құсайынов.

Бүгінгі таңда Алматы "бір терезе" принципін жетістікті енгізген және лицензиялау саласында жақсы үлгі болып отырған мемлекетіміздегі бірден-бір қала.

Өз кезегінде Алматы қаласының әкімшілігі тарапынан істеп тұрған заңнаманы жақсартуға арналған, кәсіпкерлік-ассоцияциялармен және BEI жобасымен біріге отырып жасаған ұсыныстары алға тартылды. Сонымен қатар, лицензия беру саласында "бір терезе" принципін енгізудегі Алматылық тәжірибені басқа да аумақтық әкімшіліктерге енгізу мақсатында Алматы қаласының сайтының таныстырылуы мен "бір терезе" принципі бойынша лицензия беру шарасы көрсетілді.