ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің пікірінше Қазақстанда жыл аяғына дейін инфляция деңгейі 10 пайыздан аспайды

"Инфляция бойынша біз 10 пайыздан асып түсеміз деген алғышарттар әзірге жоқ", -деді Б. Сұлтанов.

"Бүгінде қолға алынған және алынатын шаралар мен макроэкономикалық көрсеткіштері оған дәлел бола алады", - деді ол.

"Ақша базасын ықшамдауды ескере отырып, инфляцияны 10 пайыздық деңгейден асырмауға барлық алғышарттар бар ", - деп қорытындылады ЭБЖМ басшысы.