ҚР экспорттық несиелерді сақтандыру жөніндегі мемлекеттік корпорациясы Прага клубының 24-мамырда Варшава қаласында өтетін отырысына қатысады

Кездесуге шетелдерге берілетін несиелерді сақтандыру мәселесімен айналысушы әлемдік 30-дай ұйым, соның ішінде "Қазақстанның экспорттық несиелері мен инвестицияларын сақтандыру жөніндегі мемлекеттік корпорациясы" АҚ мен "OECD" және Әлемдік банк сынды бірқатар халықаралық ұйымдар қатысады.

Прага клубы - дүниежүзіндегі экспорттық несиелерді сақтандыру жөніндегі таяуда ғана құрылған жаңа ұйымдарды біріктірген қауымдастық. Клуб экспорттық несиелерді сақтандырушы ұйымдар арасында өзара тәжірибе және ақпарат алмасуға, екі жақты қарым-қатынастар орнатуға мүмкіндік береді.
"Қазақстанның экспорттық несиелері мен инвестицияларын сақтандыру жөніндегі мемлекеттік корпорациясы" АҚ Берн Одағы аясындағы Прага клубына 2004-жылы бақылаушы ретінде қабылданған.