ҚР экс-премьері Серік Ахметов «үй қамаққа» алынды

Агенттік Қарағанды облысы мен қаласының, «Сарыарқа» ӘКК» ҰК, «Металлургия-Металл өңдеу» индустриялық паркі АЭА, «ҚазАгроФинанс» АҚ бұрынғы басшылары: Б. Әбдішев, М. Смағұлов, А.Эссе, Ғ. Рақымжанов және басқа да тұлғаларға қатысты сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша бірқатар аса ауыр қылмыстық істерді тергеуде.

Тергеу істерінің аясында сондай-ақ Қарағанды қаласының Қазыбек би аудандық соты 1958 жылы туылған Ахметов Серік Нығметұлына айып тағып, оған қатысты үй қамаққа алу бұлтартпау шарасы қолданылды.


Қалған ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды.