ҚР ЭМРМ басшысы Қашаған кенішін игеруге дайындау бюджетіне қатысты келіссөздер 30 маусымға дейін аяқталады деп үміттенеді

"Қазір жұмыс бабындағы келіссөздер жүргізіліп жатыр. Біз оны 30 маусымға дейін аяқтаймыз деп ойлаймын", - деді С. Мыңбаев.

ҚР ЭМРМ басшысы осы келіссөздердің барысында " Қашаған кенішін игеруге дайындау бюджетіне қатысты мәселелер талқыланып жатқанын" еске салды. "Біз олар эксперименттік фаза бойынша 31 маусымға дейін егжей-тегжейлі бюджетті береді деп келістік. Олар оны бізге берді, біз өз қарсылықтарымызды білдірдік", -деді министр.

"Қазір осы келіспеушіліктер талқылануда", - деді ол.

"Ал өнім өндіре бастау жылдарына қатысты мәселе - жоба бюджетінің бір құрамды бөлігі. Егер өнім өндіру мерзімі кейінге шегерілетін болса, онда ол көп нәрсеге әсер ететіні түсінікті. Қазір осы көп мәселенің жайы талқыланып жатыр", -деді С. Мыңбаев.

"Мен қазір келіссөздердің нәтижесіне алын-ала түсініктеме бере алмаймын, 30 маусымға дейін аз ғана уақыт қалды", - деді ҚР ЭМРМ басшысы.