"Бұлар шарт жасасуды реттейтін басты құжаттар", - деп атап көрсетті Ғалымжан Жақыпов.
Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі бүгінгі заман талабына сай болмай қалған үлгілік келісім шартты өзгерту жұмыстарымен айналысуда. Ондағы көптеген жайттар бүгінгі нақты ахуалға сай емес", - деді ол.
Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігінің өкілі, нормативтік-құқықтық акт негізінде мемлекет пен жер қойнауын пайдаланушылар арасындағы құқықтық қатынастары белгіленетін бұрынғы үлгілік келісім шарт Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысымен 2001 жылдың 31 шілдесінде бекітілгендігін еске сала кетті.
Сондай-ақ, Ғалымжан Жақыповтың мәліметіне сүйенсек, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті жер қойнауын пайдалануға жасалған келісім шартын салықтық сараптамадан өткізу ережесіне өзгерістер енгізу жұмыстарын жүргізу үстінде. Оның айтуынша, қазіргі ереже 2001 жылдың 26-желтоқсанындағы үкімет қаулысымен бекітілген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті