ҚР Энергетика министрлігі жер қойнауын пайдаланушылардың қарауына экспорттық кедендік баж салығына қатысты есептерді жіберді - Мыңбаев

"Экспорттық кедендік баж салығына қатысты есептер жер қойнауын пайдаланушылардың қарауына жазбаша түрде таратылды", - деді С. Мыңбаев.

Оның айтуынша, бұл есепте Энергетика министрлігінің үкіметтің отырысында танытсрыған есебімен салыстырғанда "шамалы өзгерістер бар".

Өзгерістердің сипатына қатысты журналистер сауалына министр : "онда параметрлер өте көп, онда бәрі мемлекет ішінде біз мұнай өнімдерінің қандай баға деңгейін бағдар етіп алуға тиіс екендігімізге байланысты",- деді.

"Экспорттық кедендік баж салығын салу ұсынылған көлем әзірге өзгерген жоқ, 27 млн тонна деңгейінде қалдырылды", - деді С. Мыңбаев.