ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігі электр энергетикасының ұзақ мерзімді тарифтік саясатын дайындады

"Министрлік заңнамалық жағынан орта және ұзақ мерзімді кезеңге арналған бірқатар шараларды дайындап қамтамасыз етті. Сол арқылы қазіргі заң негіздемесі шешуге мүкіндік бермейтін ұзақ мерзімді тарифтік саясат мәселесін шешіп, белгілі бір тоқтамға келуге жағдай туындайды", - деді С. Мыңбаев.

Оның сөздері бойынша бұл жерде "заңнамалық базаға өзгертулер енгізу мәселесі айтылып отыр". "Біздің пікірімізше, олар 2015 жылға дейінгі тарифтік саясатты белгілеуге мүмкіндік береді ", - деп атап өтті министр.

"Бұл бір жағынан секторға жұмсалатын инвестицияны ұлғайту және үкіметтің инфляциялық процестерді реттеу жөніндегі тапсырмасы арасындағы белгілі бір ортақ шешім болатыны анық", - деп атап өтті С. Мыңбаев.

"Бұл салаға болашақта ғана мес, қазіргі кезде қомақты инвестициялар қажет", - деді министр.