ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігі мен ҚР Ұлттық ядролық орталығы Қазақстандағы ядролық энергетиканы дамыту бағдарламасының жобасын жасауда

"Қазіргі уақытта Энергетика және минералды ресурстар министрлігі Ұлттық ядролық орталық пен оның институттарының қатысуымен Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ядро энергетикасы саласының даму бағдарламасының жобасын дайындады. Сондай-ақ, Қазақстандағы ядролық энергетиканы дамыту бағдарламасының да жобасы дайындалуда", - деп атап көрсетті баспасөз қызметі.

Қазақстанның ядролық қоғамығының атқарушы директоры Наталья Жданованың хабарлағанындай, осы күндері Курчатов қаласында "Қазақстан Республикасындағы ядролық энергетика" деген атпен халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтуде. "Конференция барысында оған қатысушылар ядролық энергетиканы дамыту және онымен байланысты өнеркәсіп өндірісі мен ғылыми-техникалық жұмыстардың қарқынын арттыруға бағытталған жоғарыда аталған бағдарламаларды талқылауды, пысықтауды және қабылдауды тездету қажеттігін атап көрсетті", - деп хабарлады Н. Жданова.